документы

Рассмотренных обращений: 0
Не рассмотренных обращений: 0

В 4 классе прошел классный час « День защитника Отечества»
Автор: Тойлыбаева Ұ.О

Алғашқы қоңырау

Ақмола облысы

Жарқайың ауданы

Өмірлік орта мектебі

 

2011-2012 оқу жылы

 

Жүргізуші:  Құрметті ата-аналар, аяулы ұстаздар, қымбатты оқушылар,

қадірлі қонақтар! Міне бүгін қызығы мен қиыншылығы  мол, әр оқу жылы

қайталанбас тарихқа толы мектептің мерекесі, оқушылардың сыныптан

сыныпқа көшіп, асыға күткен жазғы жемалыстан оралып келетін алғашқы

қоңырау салтанаты!

         Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қайта қауышты. Бұл күн мектеп тарихында мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндердің есінде мәңгі сақталмақ.

Жүргізуші:

Өмір берер ертеңгі бағаларың,

Ұяға қонды бүгін балаларың.

Халқыма ұрпақ берген, өмір берген,

Қош келдің, әкелерім, аналарым!

Жас жүректің өмірлік құштары – гүл,

Бағбан – ұстаз баулыған құстары бұл.

Сол құстардың бір тобы қонғалы тұр, - деп алтын ұя мектебімнің табалдырығын аттағалы тұрған  бүлдіршіндерді құрметпен ортаға шақырамыз. Қарсы алыңыздар!

Жүргізіші:

Қуаныш, шаттық, ниет нұр шашылды,

Құрметіне көк тудың тік тұрайық.

Алаңдап басқаға біз бас ұрмайық.

Аманат ту көтеру рәсіміне,

Халайық куә болып қарсы алайық.

А.Ә.Д мұғалімі Сыздықов С.Ш.,

·        Мектеп түзел!  тік тұр!

·        Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы әкелінсін! (ту әкелінеді).

·        Әнұран орындалады!

Ақ тілекпен басталса жаңа өмір,

Шаттанар қадам басқан бала көңіл.

Сөз берейік қонақтарға шын жүректен,

Ақ тілектер ән-жырмен бірге төгіл, - алғашқы «Білім мерекесінің» құттықтау сөзін аудандық білім бөлімінен келген қазақ тілі мен әдебиеті әдіскері Сәдуақасова Роза Есламбекқызына  береміз!

         Еңбегіңіз еленіп, ел бағалап,

         Ұсынамыз сөз кезегін біз саралап.

         Ақ тілекті арнау үшін ортамызға

         Құрметтеп шақырайық біз ағалап,- дей отырып келесі құттықтау сөз кезегін ауылымыздың әкімі Айтжанов Қуаныш Абайділдаұлына береміз!

         Ажырамай мектептен бір елі сіз,

         Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.

         Сөз берелік құрметпен өзіңізге,

         Оқушыға арналсын тілегіңіз, - сөз тізгінін мектебіміздің басшысы аяулы ұстаз Шаяхметова Роза Сауымбекқызына ұсынамыз!

Жас мамандарды таныстыру рәсімі.

 

Жүргізуші:

Кешегі сәби балаңыз

Жарады міне қараңыз.

Ғылым-білім жолына.

Енді қайық саламыз.

Қош келдіңдер балдырғандар,

Құтты болсын қадамдарың.

Мектеп мынау есік ашық.

Ұрпақсыз мына өмірде кім түледі,

Жақсы ұрпақ еліміздің шын тілегі.

Ортаға шығып, қанекей, тілек айтсын,

Бірінші сынып табалдырығын аттаған әр түлегі.

(бірінші сынып өлеңдері, гүл ұсыну).

Жүргізуші:

Алғашқы қоңырау соғу рәсімі!

Сыңғыр, сыңғыр қоңырау                                                                              

Сыңғырлаған үнің-ау

Алып-ұшып жүректер

Гүлге толы қоңырау- демекші «Білім күніне» білім қадамына шақыратын сазды әуен – ол алғашқы қоңырау. Алғашқы қоңырау соғу құрметі Сапаш Дидар  мен 11 сынып оқушысы Борамбаева Гүлжиханға беріледі.

 Жүргізуші:

Бүлдіршінге бақыт гүлі ашылсын,

Ақылына әлем халқы бас ұрсын.

Дана, асыл ниетпенен ағайын,

Ақ жолына той шашуы шашылсын! (Шашу шашылады)

А.Ә.Д мұғалімі Сыздықов С.Ш.,

·        Мектеп түзел!  тік тұр!

·        Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы ортадан әкетілсін! (ту ортадан әкетіледі).

Жүргізуші:

Бұл алғашқы қоңырау үні білімге шақыру үні, жаңа оқу жылымен қауышу үні. Бүгінгі мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер қадамдарыңа нұр жаусын, талаптарың оң болсын дейміз! Мектептің әрбір шәкірті ел болашағы болсын дей отырып бүгінгі «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиынын жабық деп жариялаймыз!

  «Конституция кемел келешектің кепілі»

Мерекелік бағдарлама

 

Ата заң

Келе жатыр керім күн,

Халық сүйіп қалаған.

Ата Заңын елімнің

Құрметтейді бар адам.

Алтын Заңым қорғайды,

Бар адамның теңдігін.

Әділітті қолдайды,

Арқа тұтып ел бүгін.

Ол баршаға жөн нұсқап,

Жетелейді жарысқа

Елбасы оны қолға ұстап.

Ант береді халыққа.

 

Әйнегі – күн, шатыры аспан.

Кең дала, төсі толқыған егін.

Көлдері көкке күмістер шашқанғ Қазақстан – Республикам менің!                                        

 


Просмотров: 370
Дата создания: 14.11.2011
Дата редактирования: 14.11.2011

Интернет-ресурстың интерфейс тілін таңдап алыңыз

Выберите язык интерфейса Интернет-ресурса

Select the interface language of an Internet-resource




Интернет-ресурстың контент тілін таңдап алыңыз

Выберите язык содержимого Интернет-ресурса

Select the content language of the Internet-resource